Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Шөкеев жаңа лауазымдағы алғашқы жұмыс сапарын ОҚО-дан бастады

Шөкеев жаңа лауазымдағы алғашқы жұмыс сапарын ОҚО-дан бастады

Алматы. 24 қаңтар. 7kun.kz – ҚР Премьер-министрінің орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев облыстағы шаруа қожалықтардың жектекшілерімен кездесті, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасының вице-премьері, Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев Оңтүстік Қазақстан облысына сапармен келді. Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауындағы тиісті бағыттар бойынша атқарылатын шаралармен танысу мақсатынд өңірдегі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін кәсіпорындарға барып, шаруа қожалықтардың жектекшілерімен кездесті. 

Әуелі Ордабасы ауданындағы «Бөрте милка» сүт-тауар фермасында болды. Инвестиция құны 2,4 млрд теңгені құрайтын сүт фермасында бүгінде 30 адам жұмыс істейді. Гольштейн фрейс тұқымды 400 сиырдан жылына 4 мың тоннадан астам сүт өндіріледі. Айта кетерлігі, бұл - аймақта алғаш рет озық технологияны пайдаланып отырған кәсіпорын. Мұнда сиырдың сауынын жуу, сүтті сауу жұмыстарын толық робот техника жүзеге асырады.

Сапар барысында Өмірзақ Естайұлы өңірдегі ауыл шаруашылығы саласындағы шаруалармен кездесіп, мәселелеріне қанықты. Өңірдегі шаруалар мақта, жүгері өнімдерін арттыру бойынша және қаракөл елтірісін қайта жаңғырту жөнінде өз ойларын  жеткізді. Мәселеге қаныққан министр айтылған ұсыныстарды ескеріп, тиісті жұмыстар атқарылатынын айтты. «Ауыл шаруашылығына берілетін субсидия бүгінгі күні 240 млрд теңгеге жетті. Бұл Елбасының аталған салаға деген қамқорлығы. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы өнімдерін 2,5 есеге көбейту керектігін тапсырды. Бұл тұрғыда Оңтүстік Қазақстан облысы – аграрлы сала екендігін ескеру керек», - деді Өмірзақ Естайұлы. Сонымен қатар, ол ет, сүт, мақта өнімдері мен бақша дақылдарын өндіруде өңірдің үлесі ерекше екендігін атап өтті. Алдағы уақытта Үкімет мәжілісінде жылдың жаңа жоспарын бекітіп, ауыл шаруашылығын өркендету үшін тың жобаларды қолға алатындарын айтты.  

Похожие материалы