Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Шығысқазақстандық шенеунік пара алу үстінде ұсталды

Шығысқазақстандық шенеунік пара алу үстінде ұсталды

Алматы. 14 сәуір. 7kun.kz - ШҚО Индустриалдық даму департаментінің басшысы пара алу үстінде ұсталды. Бұл туралы inform.kz хабарлады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Шығыс Қазақстан облыстық департаменті Индустриалдық даму және кәсіпорын қауіпсіздігі комитеті ШҚО бойынша департаментінің басшысы А.Р. Закирьяновты ұстады. Ол өнеркәсіп қауіпсіздігі саласында жобалық құжаттарға оң келісім жасағаны үшін кәсіпкерлерден жүйелі негізде пара алып келген.

А.Р. Закирьянов ағымдағы жылдың 12 сәуірі күні кәсіпкерден 90 мың теңге сомасындағы кезекті параны алу барысында ұсталып, Өскемен қалалық ІІД УҚО-ға қамалды.

Параның жалпы сомасы 2 млн теңгеден астам қаржыны құрайды.

Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Похожие материалы