Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ШҚО-ның Бесқарағай ауылында да төтенше жағдай жарияланды

ШҚО-ның Бесқарағай ауылында да төтенше жағдай жарияланды

Алматы. 19 сәуір. 7kun.kz - ШҚО Бесқарағай ауылында  табиғи сипаттағы жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды. Бұл турлы Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті  (ТЖД) хабарлады.

Жерасты суының деңгейі бұрынғы қалыпта, сондықтан да жергілікті атқарушы орган адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылдады.

"14 сәуірде ауылдың шетінде 9 үй және 10 ауланы су басқан болатын. Су басу орнынан 22 адам көшірілді. 4 күнде жағдай өзгеріссіз. Аумаққа 1500 тонна инертті материал жеткізілді. Топырақты төгіп бекіту жұмыстары жүргізілді. Жергілікті тұрғындар арасында нұсқаулықтар таратылды", - деді Төтенше жағдайлар департмаенті өкілдері.

Әкімдік жедел штаб құрып, жұмыс істеп жатыр. Жағдайды аудан әкімінің міндетін атқарушы Раметуллин бақылап отыр. Облыс өзендері мен әлсіз учаскелерде бақылау жалғасып, ШҚО ТЖД жедел штабы тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.

Похожие материалы