Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Үш облыста мемлекет мұқтаждықтарына арналған көліктер тым жоғары бағамен алынады

Үш облыста мемлекет мұқтаждықтарына арналған көліктер тым жоғары бағамен алынады

Қазақстанда мемлекеттік қызметтің мұқтаждықтары үшін автокөлік сатып алуға арналған бюджеттік қаражатты жоспарлау сомаларын тым жоғары етіп көрсететін үздік үш облыс белгілі болды - Жамбыл, Шығыс Қазақстан және Ақмола обылстары. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігіне сілтеме жасап ҚазТАГ хабарлайды.

"Мемлекеттік қызметтің мұқтаждықтары үшін автокөлік сатып алуға арналған бюджеттік қаражатты жоспарлау сомаларын ачырып көрсететін үздік үш облыстың қатарына Жамбыл (146 956,1 мың теңге), Шығыс Қазақстан (90 630,9 мың теңге) және Ақмола (78 863,9 мың теңге) облыстары кірді", - делінген министрлік ақпарында. Бюджеттік қаражаттың тиімді әрі оңтайлы пайдаланылуын қамтамасыз ету мақсатында ҚР Қаржы министрілігі арнайы жұмыс тобын құрған. Жұмыс тобы мемлекеттік бюджет пен ҚР Ұлттық қорынан ақша бөлінуін қарастыратын барлық бағдарламалар бойынша бюджет қаражатының шығындалуын бақылайды. "Жұмыс тобы ҚР-ның түрлі аймақтарында бір кластағы автокөлікті сатып алуға бөлінетін бюджеттік қаражаттың айырмасы 40%-ға жетеді, яғни бірдей кластағы бір автокөліктің құны бір аймақта басқа аймақтармен салыстырғанда жоғары (ҚР бойынша асырып көрсетудің жалпы сомасы 1 млрд теңгеден асады)", - делінген хабарламада. Бұл ретте бюджеттік қаражатты асырып көрсетудің ең үлкен сомалары құқық қорғау органдары, денсаулықты сақтау және әкімшілік-шаруашылық басқару салаларында өз функцияларын іске асыратын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінде (облыс және аудан әкімдерінің аппараттары) байқалған.  

Похожие материалы