Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Үш вице-министр орнынан босатылды

Үш вице-министр орнынан босатылды

Алматы. 12 наурыз. 7kun.kz – ҚР Үкіметінде бірқатар кадрлық өзгерістер жасалды, - деп хабарлайды primeminister.kz.

ҚР Үкіметінің қаулысымен Әсет Арманұлы Ирғалиев ұлттық экономика вице-министрі лауазымынан босатылып, Премьер-Министрдің өкімімен ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Сонымен қатар, Арман Қайратұлы Евниев берген өтінішіне сәйкес ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі лауазымынан босатылды.

Бұдан өзге, ҚР Үкіметінің қаулысымен Берік Тұрсынбекұлы Бейсенғалиев берген өтінішіне сәйкес ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды

Похожие материалы