Шағын бизнестің өкілі "Баст" кен өндіру компаниясы бірінші болып Қазақстандық фонд брижасында IPO-ға шығып, 2 млн доллар тартуды көздеп отыр. Бұл туралы "Фридом Финанс" инвестициялық компаниясының бас директоры Тимур Турлов мәлімдеді.
Әріптесі RCG Investment Advisor Рүстем Оспановтың мәліметінше, компания өндіріске дайындық кезеңінде.
"Тартылған қаражатқа компания алғашқы жылдық қуаты 250 мың тонна руда болатын фабриканың құрылысын аяқтап, іске қоспақшы. Жылына 5 млн доллар пайда түсіріледі деп жоспарланып отыр. Ал жылдың келесі жартысынан бастап қуаты күшін 600 мың тоннаға дейін көбейтуге дайындықты бастаймыз",-деді Р.Оспанов.
Инвесторлар кәсіпорын акционерлерінің тізіміне "cash-in" қаржыландыру шарттары арқылы қосылып, даму потенциалы 40 пайызды құрайтын жобаның құнын ашу процессіне қатыса алады.
"Баст" АҚ-ның қарапайым акцияларымен саудасы 2015 жылдың 31 наурызында басталады.
Орналастырылу диапазоны: 19,843-21,827 теңге аралығы, бір акция үшін. Жалпы шығарылатын акциялар көлемі 18,450 бірлік. Өтініштер 2015 жылдың 20 наурызына дейін қабылданады. "Фридом Финанс" маркет-мейкер ролінде биржадағы баға белгілеуге қатысады.
"Баст" АҚ - Шығыс Қазақстан облысындағы мысты-никелді кен өндірші кезеңіндегі компания. 2013 жылы RCG Investment Adviso қорына кірді. Компанияның жалпы капитал көлемі 20 млн доллар.