Алматы. 7 ақпан. 7kun.kz - 2016 жылы шағын компанияларға берілетін борыш көлемі бір жарым есе яғни 3,1 трлн теңгеге дейін өскен. Бір белсенді компанияға орта есеппен 24,7 трлн теңге қаржыға дейін келеді. Бұл 2015 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 41,2% артық деп жазады ranking.kz.
Өткен жылдың желтоқсанындағы қорытынды бойынша, шағын бизнестегі кредит көлемі 3,1 трлн теңге болды. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 50 пайызға артық. Қазақстандағы жалпы кредиттендіру көлеміндегі шағын бизнес үлесі 2015 жылы 16,3%, ал 2016 жылы 24,1% құрады.
Қаржы орталықтарына салынған ақша көлемі жөнінен Алматы алда келеді. Бір жыл ішінде 1,51 трлн теңге бөлінген, бұл еліміздегі жалпы көлемнің 48%-ын құрайды. Астанадағы көрсеткіш - 889,7 млрд теңге, республикалық деңгейдегі үлесі - 28,7%. Топ үштікті Павлодар облысы қорытындылайды. Өткен жылы шағын бизнес үшін бұл өңірге 87,5 млрд теңге жіберілген.
Борыштың ең белсенді пайдаланушылары - Астанадағы шағын компаниялар. Бұл жердегі бір белсенді кәсіпорынға 72,5 млн теңге кредиттен келеді. Ал жалпы Қазақстандағы орташа чек - 24,7 млн теңге.
Қарыз көлемінің артуы 2014 жылдан бері артып келеді. Сол уақытта да шағын компаниялар саны көбейе түскен еді. 2016 жылдың қорытындысы бойынша олардың көлемі - 125,5 мың. 2015 жылмен салыстырғанда 6,8%, ал 2013 жылмен салыстырғанда 29,1% артық.