ШҚҰ-дағы жекелеген клиенттердің төлем қабілеті жоғары болып тұр. Шағын кредиттегі жалпы тәуекел портфелінің 3,7 пайызы жеке тұлғаларға тиесілі болса, заңды тұлғалардың үлесі 8,2 пайыз.
2010 жылдан бері шағын кредит беретін қаржылық ұйымдар қарыз портфелінің сапасын жақсарту жолында ауқымды жұмыстар атқарды. 2010 жыдың соңына таман жұмыс істемейтін токсиндә кредиттердің үлесі жалпы қарыздың 25 пайызына тең еді. Бірақ 2017 жылдың басына қарай шағын қаржы ұйымдары бұл көрсеткішті 6 есеге, яғни 3,8 пайызға дейін қысқартты.
2016 жылы шағын кредиттік ұйымдарда зиянды кредиттердің санын қысқарту процесі банктерге қарағанда белсенді жүргізілді. Бір жыл ішінде мұндай қарыздардың көлемі 42 пайызға кеміген. Банктер болса дәл осы мерзім ішінде зиянды кредиттердің санын 16 пайызға ғана азайтқан.
Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылдан бастап, шағын кредиттік ұйымдардың қызметін ҚР Ұлттық банкі өз бақылауына алды. Өзгеріс барысында бұл нарықтың қатысушылары 682-ден 279-ға дейін, яғни 2,5 есеге азайды.