Алматы. 13 желтоқсан. 7kun.kz - Шағын және орта кәсіпкерлік несие көлемі 8 пайызға, ірі кәсіпорындарға берілетін несие 1 пайызға қысқарды, деп хабарлайды ranking.kz.
Қазақстан банктеріне берілген қарыз көлемі 2017 жылы 7,7 пайызға (222,7 млрд теңге) артып, 3,1 трлн теңгеге жетті. 2016 жылы өсім 53,8 пайыз (1,0 трлн тг) болды. Заңды тұлғаларға берілген кредиттердің жалпы портфеліндегі шағын және орта кәсіпкерлік үлесі бір жыл ішінде 33,2 пайыздан 36,2 пайызға дейін өсті.
Жағдай ірі корпоративтік қарызгерлерді несиелендіру қарқынымен күрт өзгерді. Заңды тұлғаларға берілген қарыздың көлемі осы уақыт аралығында 1,1 пайызға (95,7 млрд теңгеге), 8,6 трлн теңгеге дейін азайды.
Кәсіпкерліктің мемлекеттік қолдауы және несиелендіруді ұлғайту ШОК субъектілерінің іскерлік белсенділігін арттыруды ынталандырады. 2017 жылдың қазан айының соңында шағын және орта бизнестің санының өсуі 2010 жылдың басынан бастап 7,4 пайызға (28,1 мың бірлік), 405,5 мың бірлікке жетті.
Керісінше, ірі кәсіпкерлік субъектілерінің саны екінші жыл қатарынан төмендеп келеді. 2017 жылдың қазан айының аяғында олардың саны 3,7 пайызға (92 бірлік), 2,4 мың бірлікке дейін азайды.