Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Шадиевке AsiaCredit Bank-тің ірі қатысушысы болуға рұқсат берді

Шадиевке AsiaCredit Bank-тің ірі қатысушысы болуға рұқсат берді

Алматы. 12 шілде. 7kun.kz — Ұлттық Банкінің басқармасы «Шадиев Орифджан Кабуловичке «AsiaCredit Bank» АҚ-ның ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру туралы» қаулы қабылдады.

Айта кетейік, Tengri Bank, AsiaCredit Bank және Capital Bank Kazakhstan акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысында AsiaCredit Bank және Capital Bank Kazakhstan-ның Tengri Bank-ке қосылуы түрінде үш қаржы институтын қайта ұйымдастыру мақұлданды.

"Біріккен банктегі үш банктің акцияларын айырбастау коэффициенттері мен ағымдағы акционерлерінің қатысу үлесін бекіту 2019 жылдың шілде айының басында үш банктің таза активтерінің құнын бағалау нәтижелері бойынша халықаралық қаржы консультанттарының қорытындысы бойынша жоспарлануда", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, AsiaCredit Bank және Capital Bank Kazakhstan-ның Tengri Bank-ке қосылу туралы ақпарат алғаш рет 2019 жылғы мамыр айының басында пайда болды.

Tengri Bank-тің ірі акционері - Үнді Punjab National Bank (41,64%). Биржаның мәліметтері бойынша, AsiaCredit Bank-тің иесі - қазақстандық бизнесмен Нұрбол Сұлтан, оған банк акцияларының 99,9%-ы тиесілі. Ал Capital Bank Kazakhstan иесі қазақстандық бизнесмен Орифджан Шадиев болып табылады.

Похожие материалы