Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Шағын несиелендіру: 1,9 млрд теңгеге 320 шарт жасалды

Шағын несиелендіру: 1,9 млрд теңгеге 320 шарт жасалды

Алматы. 30 қазан. 7kun.kz – Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов қазіргі таңда шағын несие беру схемасына екінші деңгейдегі жеті банк және екі шағын қаржы беру ұйымы қатысатынын айтты, - деп хабарлайды primeminister.kz.

2018 жылғы қалалардағы шағын несие беруге бөлінген қаражаттың жалпы сомасы 17 млрд теңгені құрайды. Қазіргі кезде 11,1 млрд теңге игерілген және 1 042 жоба қаржыландырылған.

«2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салық органдарының мәліметіне сәйкес, 2017 жылы шағын несие алған бағдарлама қатысушылары 7,6 млрд теңгеге өнім шығарды, шамамен 1 000 жуық жұмыс орнын құрып, сақтап қалды, сонымен қоса бюджетке 299 млн теңге салық төленді. Осы жылдың қорытындысы бойынша бизнестің салық есептілігі бағаланып, яғни экономикадағы бюджет қаражаты толық қолданылғаннан кейін, тиімділік көрсеткіштерінің айтарлықтай артуы күтілуде», — деді Тимур Сүлейменов.

Экономика салаларының бөлінісінде қарыз алушылардың басым бөлігі сауда, қызмет көрсету, өңдеуші өнеркәсібі және құрылыс салаларында қызмет атқарады. Шағын несиелерді кепілдендіру бойынша 2018 жылы 1,9 млрд теңге сомасына 320 шарт жасалды. Іс жүзінде әрбір үшінші қарызға кепілдік ұсынылған.

Похожие материалы