
Астана. 4 қаңтар. 7kun.kz - Астаналықтар Қарағанда облысы Шахан елдімекеніндегі тұрғын үйдің құлауынан зардап шеккендерге арнап азық-түлік пен жылы киімдер жинайтын пункт ашты. Бұл туралы "Атамекен" ҰКП-ның басқарма төрағасы Мұрат Әбенов Facebook-тегі парақшасында жазды.
"Құрметті Астана қаласының тұрғындары! Қиын жағдайда қалған ағайынға қолдау жасаймын дегендер болса бүгіннен (3 желтоқсан) бастап жұма күнге дейін 10:00-1:00 уақыт аралығында Момышұлы мен Сәтбаев көшелерінің қиылысында орналасқан "Белый ветер" дүкенінің сол жағындағы кіреберісте, 3-ші қабаттағы офиске заттарды өткізе алады. Есік ашық тұрады. Жиналған заттар сенбі күні апат болған елді мекенге жөнелтіледі", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айта кетейік, қайғылы жағдай 1 қаңтар күні кешке Шахтинск маңындағы Шахан елдімекенінде болды. Үйінділер арасынан 5 адам құтқарылды, оның екеуі бала. 9 адам қайтыс болды.
Құтқару жұмыстарына 280 адам тартылды. Олардың арасында полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар, жедел жәрдем бригадасы, Ұлттық гвардияның ауыр инженерлік техникасы және жеке кәсіпкерлер бар.