Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Шахматтағы сенсация: Бибісара Асаубаева әлемдегі ең атақты гроссмейстерді жеңді

Шахматтағы сенсация: Бибісара Асаубаева әлемдегі ең атақты гроссмейстерді жеңді

Алматы. 27 қаңтар. 7kun.kz – Бибісара Асаубаева Мәскеуде өтіп жатқан халықаралық жарыста әйгілі ресейлік гроссмейстер Сергей Карякинді ұтты, деп хабарлайды 7kun.kz.

Сергей Карякин – әлемдегі ең мықты гроссмейстердің бірі. Қазіргі уақытта оның 2 739 ұпайы бар.

Бибісара бұған дейін сұхбаттарында осы турнирде Сергей Карякин және Теймур Раджабовпен ойнағысы келетінін бірнеше рет айтқан.

«Мен әлем чемпионынан жеңілдім, өте жақсы ойнайды екен», –  деді Карякиннің өзі.

Жарыстың ресми сайтында жазылғандай, Бибісара турнир басталуға екі күн қалғанда шақыртылып, танымал шахматшы Владимир Крамникті алмастырған.

Рапид жарысынан кейін Бибісара ерекше ойын көрсететін блиц сайысы басталады. Ойындар 28 және 30 қаңтарда өтеді.

Айта кетейік, өтіп жатқан жарыстың жүлде қоры – 15 миллион рубль. Қазір мұнда әлемдегі ең мықты шахматшылар шеберліктерін сынауда. Олардың қатарында Бибісара Асаубаева, Сергей Карякин, Александр Грищук, Теймур Раджабов, Раунаку Садвани, Франсиско Вальехо, Владислав Артемьев, Екатерина Лагно және басқалары бар.

Похожие материалы