Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұшақ апатынан жәбірленушілерге сақтандыру компаниясы қандай көмек көрсетеді

Ұшақ апатынан жәбірленушілерге сақтандыру компаниясы қандай көмек көрсетеді

Алматы. 30 желтоқсан. 7kun.kz — "Amanat" сақтандыру компаниясы - "БЕК ЭЙР" АҚ компаниясының UP-F1007 борттық нөмірі бар Fokker 100 ұшағының сақтандырушысы. Бұл ұшақ иесінің жауапкершілігі тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша Amanat-та сақтандырылған, деп хабарлады ұйымның баспасөз қызметі.

«Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сақтандыру төлемдерін денсаулығына зиян келтірген жолаушылар, сондай-ақ қаза тапқан жолаушылардың асырауындағы зардап шеккен адамдар алады.

"Amanat" сақтандыру компаниясы қаза болғандардың туған-туыстарына көңіл айтады. Біз төлемдерді ресімдеу процесі барынша жедел және ауыртпалықсыз өту үшін барлық күш-жігерімізді жұмсаймыз. Amanat сақтандыру шарты бойынша өзінің барлық міндеттемелерін орындайды", - деді "Amanat" сақтандыру компаниясының басқарма төрағасы Ерғали Бегімбетов.

Оның айтуынша, сақтандыру төлемдері сақтандыру компаниясы "Бек эйр" АҚ мен жәбірленушілерден заңмен талап етілетін құжаттарды алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

"Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша зақымданған, жарақат алған және басқаша түрде денсаулығына зиян келтірген жолаушылар емделуге кеткен нақты шығындар мөлшерінде 200 АЕК-ке дейін төлем алады. Егер ұшақтың апатқа ұшырауы салдарынан жолаушыға мүгедектік анықталса, Amanat мүгедектік тобына байланысты 2 500 АЕК-тен 5 000 АЕК-ке дейін төлем жасайды. Жолаушының өлімі үшін 5 000 АЕК көлемінде төлем қарастырылған", - деді Ерғали Бегімбетов.

Ол сондай-ақ, жерлеуге жұмсалған шығындар 100 АЕК көлемінде өтелетінін атап өтті. Төлем мөлшерін есептеу үшін сақтандыру төлемі күніне белгіленген АЕК пайдаланылады.

Айта кетейік, сұрақтар туындаған жағдайда толық кеңесті 7310 бірыңғай нөмірі бойынша алуға болады.

Похожие материалы