Нұр-Сұлтан. 8 шілде. 7kun.kz – Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өз қызметінен жалықпағанын және елорданы дамыту жұмыстарын жалғастыруға ниетті екенін айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Шаршаған жоқпын деп ашық жауап беремін. Мен мемлекеттік қызметте жұмыс істегенімді мақтан тұтамын. Күн тәртібінде тұрған міндеттердің шешімін табу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауды парызым деп білемін. Бұл – мектептер, қолжетімді баспаналар, көпірлер салу, азаматтарымыздың әлеуметтік мәселелерін шешу, қоғамдық кеңістіктер, жалпы қаланы дамыту. Мен мұны өзімнің міндетім деп санаймын», - деп жауап берді Алтай Көлгінов.
Сондай-ақ Алтай Көлгінов 2035 жылға қарай елорда халқының саны қанша болуы мүмкін екенін айтты.
«2010 жылғы бас жоспар түзетіліп, 2030 жылы 1,2 миллион адам болады деп болжанды. Кейінгі деректер елордалықтар саны 2035 жылға қарай 2,3 миллионға жететінін көрсетті. Бірақ көріп отырғанымыздай, қазір бұл көрсеткішке қолжеткіздік. Енді бас жоспарды түзеп жатырмыз. Осындай өсу қарқыны сақталса, 2035 жылға қарай Нұр-Cұлтан халқы екі есе өседі», – деді қала әкімі.