Экономика
Шегірткемен күрес жұмыстарына 2,7 млрд теңге бөлінді
Алматы. 30 мамыр. 7kun.kz - Шегірткемен күрес жұмыстарына осы жылы 2,7 млрд теңге бөлінді. Бұл жөнінде ауыл шаруашылық министрлігінің аграрлық өнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Боран Рақымбеков мәлімдеді.
«Бюджеттен 2,7 млрд теңге бөлінді. Ол ақшаға улы химикаттар алынып, тиісті жерлерге таратылды. 300-ден астам техника түрі дайын тұр», - дейді Рақымбеков.
Оның айтуынша, биылғы жылы 1,7 млн га жер өңделуі тиіс.
«Өңдеу жұмыстары Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарында басталып кетті. Барлық жұмыс жоспар бойынша жүріп жатыр. Қостанай, Ақтөбе және Ақмола облыстарында шегіртке өте көп таралған», - дейді комитет басшысы.