
Қазақстанда шекара маңындағы ауылдарға айрықша мәртебе берілуі мүмкін. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған Қазақстанның ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасына енгізілетін өзгертулерде жазылған.
Жобада шекара маңындағы аудандарда орналасқан ауылдық жерлерде жұмыс істегені үшін жалақыға 50% ауылдық үстемеақы енгізу, 1 жыл еңбек өтілін 1,5 жыл қылып есептеу нормасы қарастырылған.
Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, шекара маңындағы аумақтарда 65 аудан, 1 283 ауылдық елді мекен орналасқан. Оларда 3,4 млн адам тұрады.