Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Шекарашыларға оқ атты: Қазақстан шекарасында шетелдік азамат ұсталды

Шекарашыларға оқ атты: Қазақстан шекарасында шетелдік азамат ұсталды

Алматы облысы. 26 тамыз. 7kun.kz – ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің шекарашылары Кеген ауданындағы Іле Алатауы жотасының таулы шатқалдарының бірінен шекараны бұзып өткен шетел азаматын ұстады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

«24 тамызда әскери қызметшілердің «тоқта» және «құжатыңды көрсет» деген талабын естіген шекара бұзушы аңшы қаруынан әскерилерге қарай оқ атып, қарсылық көрсеткен және ізін суытуға тырысқан», – делінген хабарламада.

Ұсталған адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Шекарашылардың өмірі мен денсаулығына зиян келмеді, олар шекараның таулы учаскесін күзету бойынша қызметтерін жалғастырды.

Әскери қызметшілердің ұстау кезінде көрсеткен ержүректігі мен батылдығын ескере отырып, оларды көтермелеу мәселесі қаралуда.

Похожие материалы