Экономика
Shell ҚазМұнайГаз үлесін сатып алудан бас тартты
Алматы. 10 Қазан. 7kun.kz - Британ-нидерланд мұнай-газ компаниясы «ҚазМұнайГаз» үлесін сатып алудан бас тартты, деп хабарлайды Bloomberg.
Shell компаниясының өтініші бойынша Debevoise&Plimpton LLP атты американдық заң фирмасы тергеу жүргізген. Тергеу қазақстандық мұнай компаниясының сыбайлас жемқорлыққа байланысты тәуекеліне бағытталған. Нәтижесінде үлесті сатып алу жоспары тоқтап, оның орнына концерн «ҚазМұнайГаздың» корпоративтік басқаруын жақсартуға көмектесеміз деп уағдаласты.
Нарықтық капиталдандыру бойынша Shell әлемдегі екінші орындағы мұнай өндіруші. Қашаған және Қарашығанақ кен орындарында "Қазмұнайгазбен" жұмыс істейді.