Соңғы уақытта Үкімет пен Ұлттық банк тарапынан белсенділік өте қатты байқалуда. Салықты, қызмет берушілердің зейнетақы төлемін көтеру, жанармай, нан және басқа да қажетті заттардың бағасының жоғарылуына себепкер болу, субсидиялау саясатын өзгерту, шығындарды қысқарту, инфляциялық таргеттеу және теңгені еркін айналымға жіберу ұсынылды. Еркін айналымға, сайттардың белгісіз себеппен бұғаулануына , Орда Гласс шыны зауытындағы дауға және тағы басқа да көптеген түсініксіз жайттарға қатысты өз ойымды айтуымды сұрайды.
Меніңше, қазіргі мұнай бағасының төмендеуіне байланысты біздің шенеуніктеріміз сым темірге байланып қалған бұқаларды елестетеді. Кез-келген қимыл ауырлық әкеліп, жағдайын қиындата түседі. Сол тәрізді адам да кез-келген төтенше жағдайға дайын емес болса басы қатып, түсініксіз әрекеттерге бара бастайды. Менің шенеуніктерге айтарым, белсенделіктеріңізді азайтып, демалыңыздар. Не болмаса жағдайды одан әрі қиындата түсесіздер. Көп жұмыс істеудің өзі нәтиже бермейді. Кей жағдайда ештеңе істемеудің өзі энергия мен жүйке жүйеңізді сақтап қалудың ең тиімді тәсілі. "Егер сіз шұңқырда қалсаңыз, бірінші кезек қазуды тоқтатыңыз" деп Уоррен Баффет бекер айтпаған ғой.
Әрі шенеуніктеріміздің жиі белсенділігінен біз қорытындылап, нәтиже жасап та үлгермейміз. Мұндай жағдайда жауынгерлердің "егер көп жүгіріп, мазасызданып кетсек, сені көздеп тұрған снайпердің басы айналып кетеді" дейтіні де бар. Мен әрдайым осындай жағдайлар үшін үкіметтің жоспары бар деп білетінмін. Бірақ ол жоспар дүрбелең салу деп ойламаппын.
Соңғы айтарым, кез келген түсініксіз жағдайда Сайлаубектің "шламони-шлак" деген ережесімен жүріңіздер.