Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Шетелдік бизнесмендер әлі де мұнай-газ саласына қызығып отыр

Шетелдік бизнесмендер әлі де мұнай-газ саласына қызығып отыр

Алматы. 7 ақпан. 7kun.kz - Қазақстандағы шетелдік инвестициялар елге сырттан келетін негізгі капитал болып отыр. Ұлттық банк мәліметінше, шетелдік бизнесмендердің қаржысы мұнай-газ саласындағы кәсіпорындарға шоғырланған. 

2016 жылдағы ІІІ тоқсан қорытындысы бойынша, шетелдік инвестициялар 6,3 млрд доллар рекордты көрсеткіште тіркелді. Ал өткен жыл қорытындысы бойынша, жалпы көлемі 14,3 млрд долларды құрады. Бұл шама 2015 жылмен салыстырғанда 4 есе артық.

2016 жылғы капиталдың толығуына халықаралық ұйымдардан алынған қарыз бен Ұлттық қор қаржысының пайдалануы да себеп болған. Жалпы алғанда өткен жылы таза капитал келуі (Ұлттық банктің резервті активтерін есептемегенде) 9,3 млрд доллар деп есептелді. 2015 жылы 10 млрд доллар болған еді.

Ұлттық банк мәліметінше, 2016 жылы тауарлар экспорты 37,2 млрд доллар құрады. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 19,9%-ға төмен.

Ал импорт 27,8 млрд доллар құрады (2015 жылы 33,8 млрд доллар). Бұл көрсеткіштің төмендеуіне азық-түлік емес және инвестициялық тауарлар тасымалының азаюы себеп болған. 2016 жылдың 31 желтоқсанындағы есеп бойынша резервті актив (Ұлттық қор активінсіз) 29,5 млрд долларды құрады.

Похожие материалы