Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Шетелдік көліктерді заңдастыру процедураларын барынша жеңілдетеміз – ІІМ министрі

Шетелдік көліктерді заңдастыру процедураларын барынша жеңілдетеміз – ІІМ министрі

Астана. 27 қыркүйек. 7kun.kz – Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов президенттің тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатқан шетелдік автокөліктерді заңдастыруға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды 7kun.kz.

Сақтандыру компанияларының деректері бойынша, елде 300 мыңнан астам шетелдік автокөлік бар. Олардың барлығы дерлік Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен – Ресей, Армения, Қырғызстан және Белоруссиядан әкелінді (99%).

Оларды Қазақстанда заңдастыру жұмыстары екі кезеңге бөлінген. Бірінші кезең – заңдастыруды өткізу үшін заңнамаға қажетті түзетулер енгізу. Екінші кезең – барлық қажетті құқықтық актілер қабылданғаннан кейін заңдастыруды өткізу.

«Алғашқы тіркеу үшін алым 200-250 мың теңгені құрайды. Көліктерді заңдастыру кезінде қайта өңдеу үшін алым алынбайды. Қазір Қаржы және экология министрліктері Салық және Экологиялық кодекстерге қажетті өзгерістер енгізіп жатыр», – деді Ахметжанов.

Сондай-ақ министр заңдастыруға өтінішті мамандандырылған ХҚКО-ларға барумен қатар смартфондағы қосымша арқылы қашықтықтан беруге болатынын түсіндірді.

«Автокөлік автоматты түрде қылмыстық және кедендік есепке алу бойынша тексеріледі. Егер автокөлік тексеруден сәтті өтсе, оның иесі мамандандырылған ХҚКО - ға келіп, құжаттарды тіркеуге тапсыра алады», – деді ІІМ басшысы.

Похожие материалы