Алматы. 26 қараша. 7kun.kz — Қазақстанда шетелдік мамандарды тарту үшін 49 мың квота бар. Бұл туралы үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді.
"Біз қазір келесі жылға квота құрып жатырмыз және Үкіметке осы квотаны екі есе қысқартуды ұсынбақшымыз. Екіншіден, төртінші санат бойынша шетелдік мамандарды тарту жөніндегі талаптарды күшейтуді жоспарлап отырмыз, бұл жұмыс мамандықтары. Біз ережелерде жергілікті атқарушы органдарға еңбек нарығын мұқият зерттегеннен кейін квота қалыптастыру талаптарын белгілейміз. Егер нарықта аталған мамандықтар бойынша мамандар болса, онда рұқсат берілмейді", - деді министр.
Сондай-ақ, Еңбек министрлігі рұқсат мерзімі аяқталғаннан кейін шетелдік маманның азаматтығын Қазақстанға ауыстыру туралы мәселені де пысықтап жатыр.
Бүгінгі таңда, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мемлекеттік еңбек инспекторы жыл сайын кәсіпорынды жоспарлы түрде тексере алмайды. Сондықтан шетелдік жұмыс күшін тартатын компаниялар бойынша біз тексеру критерийлерін беруге және еңбек инспекциясының осы кәсіпорындарды жыл сайын алдын ала тексеруге мүмкіндік беру туралы ұсыныс жібереміз", - деп атап өтті ол.
Біржан Нұрымбетов тамыз айынан бастап Бас прокуратураның қолдауымен еңбек инспекциясы 95 кәсіпорында тексеріс жүргізгенін, онда 30-дан астам шетелдік маман жұмыс істейтіндігін айтты.
«Өкінішке орай, бұл кәсіпорындарда 1930 еңбек және көші-қон заңнамасын бұзу фактілері анықталды. Сонымен бірге 25 кәсіпорында 474 еңбекақы төлеу және еңбек жағдайындағы теңгерімсіздік фактілері анықталды.Тиісінше, осы кәсіпорындардың басшыларына шаралар қолданылды. Ұйғарым берілді, 92 млн теңгеге 400-ге жуық айыппұл салынып, 393 шетелдік қызметкер елден шығарылды", - деді ол.