Экономика
Шикізаттың төмен бағасына байланысты Қазақстан үкіметі бюджетті қайта қарайды
Қазақстан алдағы жылдарға бюджеттік жоспарды қарағанда экспортты тауарлардың төменгі бағасына назарға алуы қажет. Бұл туралы парламент палатасының жиналысы кезінде премьер-министр Кәрім Мәсімов мәлімдеді деп хабарлайды LS.
"Біздің ойымызша, алдағы 3-5 жылда біз ресурс, шикізат тауарлары, негізгі экспорт тауарларының бағасы төмен болатын кезеңде өмір сүреміз. Сондықтан 3 жылға бюджетті қарайтын кезде, экспорттық тауарларымыздың төменгі бағасын бағыт ретінде ұстанамыз. Бұл бірнеше бағдарламалардың, бюджеттік шығындардың қайта қаралуына қажет етеді", - деп атап өтеді ол.
Үкімет басшысы осыған дейін де бюджетті қайта қарауға мәжбүр болғандарын еске салып өтті. "Өткен жылдың екінші жартысында біз кейбір экономикалық процестердің шұғыл баяулағанын, тауарлар бағасының төмендегенін байқадық. Бұл бюджеттің орындалуына да әсер етті. Сондықтан жылдың екінші жартысында белгілі бір түзетулер енгізуге мәжбүр болдық", - деп түсіндірді К.Мәсімов.
Сондай-ақ, премьер -министр елде "100 нақты қадам" бағдарламасының орындалуына жауапты ұлттық комиссияның құрылғанын да атап өтті ол.
"Біз өте белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Бұл комиссияның құрамында мәжіліс пен сенаттың екі орынбасары бар. Олар комиисиядағы қажетті сұрақтарға жауап береді. Топтың жұмысы мемлекеттік сатып-алулар жүйесіне, бюджетті процестің құрылымына да әсер етеді", - деп қорытындылады ол.