Нью-Йорк. 1 тамыз. 7kun.kz - Кофе, мұнай және америкалық компаниялар акцияларының қымбаттады. Оған себеп корпоративтік есептің үйлесуі, саяси толқулар, Қытай экономикасының өсуіне қатысты болжамдар, Бразилиядағы плантациялардың жәндіктермен зақымдануы. Бұл туралы MarketWatch хабарлады.
2017 жылдың шілде айында кофе 10 пайызға қымбаттады. Бұл соңғы жылдағы ең жоғарғы айлық өсім болды. Қазір кофе үш ай ішіндегі максималды бағада тұр.
Мұнай келісімшарттарының белгіленуі 7 пайыздан асты. Шілде айында WTI маркасы 2016 жылдың желтоқсанынан бері ең жоғарғы баға өсімін көрсетті.
Мұнай нарығына АҚШ доллары курсының төмендеуі, Венесуэладағы саяси толқулар, ОПЕК-тің өнімді шектеу әрекеттері мен жанармайдың әлемдік қорының қысқаруы әсер етіп жатыр.
АҚШ доллары бағасы әлемнің негізгі алты валютасымен көрсететін ICE U.S. Dollar индексі шілде айында 2,3 пайызға төмендеді. Бұл қаңтар айынан бергі ең төменгі көрсеткіш болып саналады. 5 ай бойы индикатор бағасының төмендеуі байқалды, мұндай қарқын 2011 жылдан бері болмаған.
Мыстың бағасы 7 пайызға көтерілді. Бұл әлемдегі ірі металл тұтынушысы Қытай экономикасына қатысты жаңалықтармен байланысты. Дүйсенбі күні үш айлық мыс фьючерсінің бағасын 2 жылда алғаш жаңғыртты.
Алтынның бағасы 2,5 пайызға көтерілды. 2017 жылдың басынан алтын 10 пайыздан жоғары қымбаттады.
Американдық қор индекстары арасында шілде айында еі жоғарғы көрсеткішті Nasdaq Composite көрсетті (шамамен 3,5 пайыз қосты). Және шартты түрде 13 пайызға Facebook Inc. акциялары да қымбаттады.