Астана. 16 тамыз. 7kun.kz - Бұл соңғы екі жылда, яғни инфляциялық таргеттеу режиміне өткен кезден бастап, ең кішкентай көрсеткіш деп хабарлайды Ұлттық банк баспасөз қызметі.
7 айда инфляция 3,8% болды және өткен жылғы сәйкес кезеңдегі көрсеткіштен (5,2%) төмен болып қалып отыр.
Жылдық инфляция шілдеде 7,1 пайызға дейін төмендеді, бұл азық-түлік нарығындағы ахуалдың тұрақтануына себепші болды. Жылдық инфляция 2017 жылға белгіленген 6-8% дәлізі шегінде тұр.
Жылдық көрсеткіштегі базалық инфляцияның көрсеткіші инфляция аясының біртіндеп жақсаруын көрсете отырып, өзінің 6,7 пайызға дейін төмендеуін жалғастырды.