Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Үшінші мамырға арналған металл және мұнай бағамдары

Үшінші мамырға арналған металл және мұнай бағамдары

Алматы. 3 мамыр. 7kun.kz — Үшінші мамырға арналған металл және мұнай бағамдарының бағасы анықталды.

Мұнай: АҚШ-та мұнай өндіруді рекордтық деңгейге дейін арттыру және талдаушылардың болжамынан тоғыз есе асып түскен мұнай қорының күрт өсуі туралы мәліметтер жарияланғаннан кейін баға төмендеді, деп хабарлайды investing.com. 21: 19 жағдай бойынша Brent маркалы солтүстік теңіз мұнай қоспасының маусым фьючерстерінің құны 2,95%-ға төмендеп, баррелі 70,03 долларға сатылды. WTI фьючерстерінің бағасы 3,88%-ға, барреліне 61,12 долларға дейін арзандады.

Металдар: алтын бағасы әлемдік қор нарықтарының өсуі аясында төмендейді. 21: 22 жағдай бойынша маусым айындағы алтын фьючерсінің бағасы 1,09% арзандап, бір троялық унциясы 1 270,25 долларға сатылды. Күміс фьючерстің құны 0,83%-ға төмендеп, бір троялық унциясы 14,6 долларға сатылды.

Криптовалюталар: Coinmarketcap.com порталының  мәліметтері бойынша 21:25-те bitcoin 5 517,94 долларға сатылды. Соңғы 24 сағатта бірінші криптовалюта 2,58%–ға қымбаттап, ал оның капитализациясы 97 млрд долларды құрады. Осы уақытта Ethereum 0,47%–ға қымбаттап, 161,64 долларға сатылды. Бұл криптондық валютаның капитализациясы 17 млрд долларды құрады.  Нарықтың жаһандық капитализациясы – 178 млрд доллар. 

Похожие материалы