Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Школьник ұлының Орсктағы мұнай өңдеу зауытын сатқаны туралы ақпаратты теріске шығарды

Школьник ұлының Орсктағы мұнай өңдеу зауытын сатқаны туралы ақпаратты теріске шығарды
Қазақстан Республикасының энергетика министрі Владимир Школьник "Орскнефтеоргсинтез" ААҚ-ның сатылуы (Орск мұнай өңдеу зауыты) мен ұлына қатысты ақпаратты теріске шығарды. "Ұлым ештеңе сатпайды және сатып алмайды. Соңғы үш жыл ішінде, менің білуімше, ол ештеңе алған да жоқ, берген де жоқ", - деп мәлімдеді журналистерге Астанада өткен үкімет сағатынан кейін. Толық мәлімет алу үшін министр ақпаратты тартақан адамдарға хабарласу керек екенін жеткізді. "Маған емес, кім жазды, соған хабарласыңыздар. Мен ештеңе білмеймін, бір білетінім, ол ештеңе сатып алған жоқ, сатқан жоқ", - дейді ол. Естерңізде болса, осыған дейін Владимир Школьниктің ұлы Игорь Школьник бақылайтын "Орскнефтеоргсинтез" ААҚ-ның (Орск мұнай өңдеу зауыты) "Русснефть" негізін қалаушы және президенті Михаил Гуцериевтің қолына өткені туралы ақпарат тараған болатын.

Похожие материалы