Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Шойгу кәсіби әскери ма?

Шойгу кәсіби әскери ма?

7kun.kz әлемнің ең ірі мемлекеттерінің қорғаныс саласы, басқарушы тұлғалары, қару-жарағына шолуды жалғастырады. Назарларыңызға Ресейдің Қорғаныс министрі Сергей Шойгу туралы деректерді ұсынамыз.

Сарапшылар оны Ресей билігіндегі ең беделді адамдардың бірі дейді. Аға лейтенанттан генералға айналған бұл тұлғаны биылғы жылы Украиналық ақпарат құралдары "ақпараттық соғыста" Путиннің орнына келетін адам ретінде сипаттады. Бүгінде соғысқа қабілеттілігі жағынан мықты армияның бірін "ашса алақанында, жұмса жұдырығында" ұстап тұрған Шойгу кім?

[caption id="attachment_11477" align="aligncenter" width="600"]864ce4de7f306420c229e6c404b35613 С.Шойгу Краснояр политехникалық институтын бітірген соң түрлі трестерде қызмет еткен.[/caption]

Сергей Шойгу, Тува автономды округының Чадан қаласында 1955 жылдың 21 мамырында аудандық газеттің редакторы  Кужугет Серээевич Шойгу мен зоотехник Александра Яковлевна Шойгудің отбасында  дүниеге келген. 22 жасында Красноярскідегі политехнкаық университетті құрлысшы-инженер мамандығы бойынша бітірген. 1988 жылға дейін түрлі трестарда жұмыс істеген.

80 жылдардың аяғына таман Шойгу Абакан қалалық партия комитетінің екінші хатшысы, бірнеше жылдан соң Архитектура және құрылыс жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары болады.

1991 жылы Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеттің және Ресейлік құтқарушылар корпусының төрағасы қызметіне тағайындалды. Дәл осы кезеңде оның төтенше жағдайлар қызметіндегі карьерасы басталады.

1993 жылы Шойгуге кезексіз генерал-майор шені беріледі. Бұған дейін ол запастағы аға лейтенант шенінде еді.

Бір жылдан кейін Шойгу РФ-ның Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды. Сәл кейінірек Ресейдің Қауіпсіздік кеңесінің мүшесі болды.  Төтенше жағдайлар министрлігін ұзақ жыл басқарған ол  қызметінен 2012 жылы кетті. Шойгу бұл арқылы министрлік креслода еңұзақ отырған министр ретінде тарихта қалды.

2012 жылы Шойгу Мәскей облысының губернаторы болып сайланады. Алайда бірнеше айдан кейін жемқорлық дауына байланысты қызметінен кеткен Анатолий Сердюковтың орнына Қорғаныс министрі болып тағайындалды.

Шойгу Ресей батыры, сондай-ақ Ресейдің ең жоғары марапаттарымен марапатталған. Сергей мен Ирина Шойгулардың Юлия, Ксения есімді екі  қыздары бар.

Дерек: ru.wikipedia.org, aif.ru

 

Похожие материалы