Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ШҚО-да 20 жыл бойы құжатсыз жұмыс істеген шошқа фермасы жабылатын болды

ШҚО-да 20 жыл бойы құжатсыз жұмыс істеген шошқа фермасы жабылатын болды

ШҚО. 23 қараша. 7kun.kz – Өскеменде 20 жыл бойы құжатсыз жұмыс істеген шошқа фермасы жабылады. Бұл туралы облыстық экология департаменті хабарлады.

Бұған дейін жергілікті тұрғындар Степной кентіндегі «Родничок» ШҚ шошқа фермасының қызметіне бірнеше рет шағымданған. Тұрғындар қораптардағы қалдық сұйықтық ауыз суға түсіп, қалдықтардың заң бұзушылықпен сақталып жатқанын айтқан. Оны Экологиялық аудит те растаған.

Белігілі болғандай, ферма 20 жылдан бері шаруашылық бірде-бір экологиялық сараптамадан өтпеген. Іс сотқа дейін жеткен.

Сот департаменттің дәлелдерін қолдай отырып, тұрғындар шағымын ескерді. және. Сот шешімі күшіне енгенде, кәсіпорынның қызметі бірден тоқтатылатын болды.

Похожие материалы