ШҚО. 19 желтоқсан. 7kun.kz – ШҚО-да өз үйінде әкесі мен ұлының өлі денесі табылды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Полиция дерегінше, 19 желтоқанда Қатонқарағай ауданы полиция бөлімімен Қабырға ауылындағы үйде зорлықпен өлтіру белгілері бар 59 және 29 жастағы екі ер адам мәйіті табылған.
Қайғылы оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 105-бабы («Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу») және 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Алдын ала болжам бойынша әкесі ұлын аңшы мылтығымен атқан. Салдарынан ұлы оқиға орнында қайтыс болған. Содан кейін әкесі өз-өзіне қол жұмсаған. Қазіргі уақытта істің мән-жайын жан-жақты тергеу жүргізуде.
Сот сараптамасы жүргізіледі. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес басқа ақпарат жария етуге жатпайды.