Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ШҚО-да белгісіздер «Жас Алаш» газеті бас редакторының орынбасарының туысын өлтірді

ШҚО-да белгісіздер «Жас Алаш» газеті бас редакторының орынбасарының туысын өлтірді

ШҚО. 28 маусым. 7kun.kz – Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Мақаншы ауылында белгісіз біреулер «Жас Алаш» газеті бас редакторының орынбасарының туысын өлтіріп кеткен Бұл туралы басылымның бас редакторы Қайрат Матреков хабарлады.

«Бұл жағдай менің орынбасарым Сейсен Ұғылбековтың жұбайының інісі Мағжан Мырзабековпен болып отыр. Ол ауылдасы И.-мен жалданып жұмыс жасау туралы сөйлесуге барған. Алайда олар бағасына келісе алмай, әлеуетті жұмыс беруші оны ұрып жіберген, марқұм оқиға орнында көз жұмған. Оқиға 21 маусымда сағат 21.00 шамасында ШҚО Үржар ауданы Мақаншы ауылында болған», - деді Матреков.

Оның айтуынша, марқұмды өлітген ер адам әлі бостандықта жүр.

«Мағжан Мырзабековты өлтірген адам әлі бостандықта жүр, ешқайда шықпау туралы қолхатпен үйіне жіберілген. АІІБ бастығы айтқандай, сарапшының қорытындысы бойныша марқұм құлау кезінде қатты соққы алуы мүмкін екен. Мен оның кіші інісімен, орынбасарыммен сөйлестім, олардың айтуынша Мағжан құлаған жерде ағаш та, тас та болмаған. Топыраққа құлағаннан ешкім де өлмейді», - деді ол.

Қайрат Матрековтің айтуынша, қазір ҚР ҚК-тің 106 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Похожие материалы