Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Шувалов: Ортақ валютаға асығудың қажеті жоқ

Шувалов: Ортақ валютаға асығудың қажеті жоқ

Ресей Федерациясының бірінші вице-премьері Игорь Шувалов Еуразиялық Экономикалық Одақ (ЕАЭО) аясында бірыңғай валюталық одақ құруға асығудың қажеті жоқ деп мәлім етті.

"Біз жақында ғана Беларус, Ресей, Қазақстан ұлттық валютасының девальвацияға ұшырағанын көрдік. Енді, міне, Армения мен Қырғызстан бізге қосылмақ. Инфляция бойынша, шын мәнінде тұрақты ұлттық валюта бойынша басы ашық, анық жағдайға қол жеткізбей тұрған кезде валюта-монетарлық одақ құруға өту мәселесін қарастыра аламыз ба... Бұл жерде түрлі сұрақ көп, қателік жібермеу керек... асығып қажет емес", - деді Шувалов "Россия 24" телеарнасына берген сұхбатында.

Оның айтуынша, валюта-монетарлық одақтың пайдасы мен зияны туралы мәселе ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің Ұлттық банктері арасында жүрмек.

"Әзірге бұл сарапшылардың жұмысы", - деді ол.

Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Орталық Банк мен үкіметке ЕАЭО аясында валюта одағын құрудың тиімділігін анықтау туралы тапсырма берген болатын.

Похожие материалы