Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Швейцарияның Ұлттық банкі 23,3 млрд доллар шығынға ұшырады

Швейцарияның Ұлттық банкі 23,3 млрд доллар шығынға ұшырады

Швейцария Ұлттық банкінің шығыны 2015 жылдың нәтижесі 23,3 млрд долларды (23 швейцариялық франк) құрады. Бұл туралы РБК жазады.

Reuters агенттігінің айтуынша, бұл көрсеткіш швейцарлық франктың нығаюына байланысты валюта курсының ауытқуынан болған және Ұлттық банк үшін рекордтық шығын болып отыр.

Агенттік Ұлттық банктің 23 млрд доллар шығыны реттеушінің үш жылдан бері қалыптасқан "франкты еуроға айырбастау курсын кейін шегеру туралы" шешімін еске салды, деп атап өтті. Мұндай шешімді банк 2015 жылдың 15 қаңтарында жариялаған. Шешім қабылданған соң бірнеше минуттан кейін доллар мен еуроға қатысты франк бағамы бірден 30%-ға өскен.

Реттеуші хабарламасына сәйкес, франк ревальвациясынан (ұлттық валюта бағамын қайта бағалау - ред.) кейін Швейцария Ұлттық банкінің басқа шетел валюталарына қатысты шығыны 20 млрд франкты кұрады(20,2 млрд доллар).

Рекордтық шығынға қарамастан реттеуші дивиденді 2015 жылғы нәтиже бойынша акцияларға қатысты 15 млрд франкті құрады. Сондай-ақ, федералды үкімет пен кантондардың пайдасына 1 млрд франк төленеді.

Фото: swissinfo.ch

Похожие материалы