Экономика
Выбор редактора
Экономика1
Регионы
Шығыс Қазақстанда тантал-қалайы өндіретін және байытатын фабрика қалпына келтірмекші

"Белогорская горная компания" ЖШС Шығыс Қазақстандағы Ұлан ауданы, Огневка ауылындағы тантал-қалайы өндіретін және байытатын фабриканы қалпына келтіруді жоспарлап отыр деп хабарлайды ШҚО әкімінің ақпарат орталығы.
Мәліметте көрсетілгендей, 2015-2017 жылдары жүзеге асырылады, құны - 920 млн теңге. Қаржы инвесторлар есебінен алынады. Ауылдағы байытатын фабрика ондаған жылдар бұрын жұмыс істеген. Фабрика негізі және барлық технологиялық желі сақталған. "Кәсіпорында техногенді минералды құрылымдарды, өнімді және тантал-қалайы рудасын қалпына келтіретін 200 адам қызмет атқарады", - делінген баспасөз баяндамасында. Баяндамада инвесторлар өздерінің қаржылық әлеуетін растаған соң ғана жобаны жүзеге асыруға облыс басшылығынан келісім ала алады деп көрсетлген.Похожие материалы
50 тысяч алматинцев вышли на субботник ко Дню Победы
- 09 мая, 2025