Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Шығыс Қазақстанда қанша тұз өндіріледі

Шығыс Қазақстанда қанша тұз өндіріледі

Алматы. 10 сәуір. 7kun.kz – Шығыс Қазақстан облысында жыл сайын 5 мыңнан 30 мың тоннаға дейін тұз өндіріледі.

Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасынан хабарлағандай, облыста Қарабастұз тұз кен орны бар.

«Тұзды өндіруді отандық «Қарабастұз» компаниясы осы аттас кен орнында кесек ас тұзын өндіру және өңдеу үшін жер қойнауын пайдалану шарты бойынша жүргізеді. Шарттың қолданылу мерзімі – 2034 жылдың 31 желтоқсанына дейін. Жыл сайын 5 мыңнан 30 мың тоннаға дейін өнім шығарылады», – деп түсіндірді ведомствода.

Басқармада өнімнің негізгі тұтынушылары шаруа қожалықтары мен асыл тұқымды мал зауыттары болып табылатындығын атап өтті. Бұдан басқа, қазіргі уақытта Ресеймен, жақын және алыс шетелдермен ынтымақтастық туралы келіссөздер жүргізілуде.

Похожие материалы