Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңарту жұмыстары 2017 жылы аяқталады

Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңарту жұмыстары 2017 жылы аяқталады

Шымкент мұнай өңдеу зауыты (ШМӨЗ) мен Шардара гидроэнергетикалық станциясын (Шардара ГЭС-і) жаңарту жұмыстары 2017 жылы аяқталады. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеевтің Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қор компаниялары тобының нысандарына жұмыс сапары барысында белгілі болды.

Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңарту жобасын («ПетроКазахстан Ойл Продактс» ЖШС, ПКОП), «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, ал Шардара гидроэлектростанциясын технологиялық жабдықтау жобасын «Самұрық-Энерго» АҚ жүзеге асырады.

Сондай-ақ, Қор компаниялар тобының тағы бір жобасы  – Шымкент қаласында көлік-логистикалық орталығын салуды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қолға алып отыр.

Басқарма төрағасы ШМӨЗ-дегі құрылыс алаңдарында болып, жаңартылып, іске қосылған дизельді отынды гидротазалау және күкірт өндіру қондырғыларымен танысты. Жаңарту жұмыстары шығарылған өнім сапасын экологиялық тұрғыдан арттырып, К5 экологиялық сыныпты (Кеден одағы елдеріндегі Евро-5 тектес) жоғары октанды бензин өндіруді қамтамасыз етеді. ПКОП-ты жаңарту мен қайта құру 2017 жылдың соңында аяқталады, нәтижесінде мұнайды қайта өңдеу көлемі жылына 5 миллионнан 6 миллионға дейін артады. Қазақстандағы үш бірдей мұнай өңдеу зауыты жаңартылғаннан кейін, 2018 жылға қарай елдегі автокөліктер жанармаймен толықтай қамтамасыз етілетін болады.

Шарадара ГЭС-інің төрт гидроагрегатын жаңарту оның қуатын 26%-ға күшейтеді, сондай-ақ станцияны пайдалану кезіндегі өнімділік пен қауіпсіздікті арттырады. Қазіргі кезде бірінші агрегат орнатылып, екіншісі жасақталып жатыр. Бұл жағдайда ГЭС-тің қызметі тоқтатылмайды, станция 50% қуатпен жұмыс істеп тұр. Барлық жұмыстарды 2017 жылдың соңында аяқтау жоспарланған. Компания жетекшілері Қазақстанның оңтүстігін электроэгнергиямен қамтамасыз етудегі жобаның маңыздылығын атап өтті. Мұның бәрі Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы аясында жаңа технологиялар тартуға, электроэнергияның жаңғыртылған көздерін дамытуға септігін тигізеді.

Жергілікті басшылықпен өткен есепті жиында Өмірзақ Шөкеев жұмыстарды белгіленген кестеге сай орындау жауапкершілігі мен жобалардың Қазақстан экономикасын әртараптандырудағы маңызын ерекше атап өтті.

Похожие материалы