Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Шымкент пен Астанада тұрғын үй қымбаттады

Шымкент пен Астанада тұрғын үй қымбаттады

Алматы. 10 желтоқсан. 7kun.kz – 2018 жылдың қараша айында Қазақстанда жаңа тұрғын үйдің 1 шаршы метрін сату бағасы 2,2% - ға артып, 265,7 мың теңгені құрады.

Сонымен қатар, абаттандырылған тұрғын үйдің құны осы кезеңде 1,7% - ға өсіп, 185,6 мың теңгені құрады. Ал жалдау ақысы 5,9% - ға артып, 1 383 теңге болды.

Жаңа тұрғын үйлер Шымкентте (4,9%), Астанада (4,2%) және Петропавлда (3,7%) белсенді түрде қымбаттады. Ал Көкшетауда керісінше 4,5% - ға арзандады.

Екінші нарық бағасының ең көп өсімі Түркістанда байқалған. Қала облыс орталығы мәртебесін алғаннан кейін тұрғын үйдің бағасы бірден 15,7% - ға (шаршы метр үшін 157,2 мың теңгеге дейін) өсті. Сондай-ақ, екінші тұрғын үй Астанада (8,8% - ға), Қызылордада (6,8% - ға) және Қостанайда (3,7% - ға) қымбаттады.

Жыл басынан бері жалға алу ақысы қымбаттады. Ол Түркістанда 51,7% – ға, Жезқазғанда 15,6% – ға, Таразда  8,9% – ға, Шымкентте  7,1% - ға, Павлодарда 7% - ға, Астанада 5,3% - ға, Қызылордада 4,6% - ға өсті.

Похожие материалы