Алматы. 30 шілде. 7kun.kz — Шымкент қаласының жаңа әкімі болып Ерлан Қуанышұлы Айтаханов тағайындалды. Бұл туралы Ақордада хабарлады.
Ол бұл лауазымда Ғабидолла Әбдірахымовты ауыстырды.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғабидолла Әбдірахымов Шымкент қаласының әкімі қызметінен босатылды", - делінген Ақорда хабарламасында.
Айта кетейік, Әбдірахымов қала басшысы қызметін 2015 жылдан бастап 2017 жылға дейін атқарды. 2018 жылдың маусым айында қала республикалық маңызға ие болғаннан кейін Шымкенттің әкімі болып қайта тағайындалды.