Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Шымкенті мұнай өңдеу зауыты Еуро-4 және Еуро-5 стандартындағы жанармай шығарады

Шымкенті мұнай өңдеу зауыты Еуро-4 және Еуро-5 стандартындағы жанармай шығарады
"ПетроҚазақстан Ойл Продактс" ЖШС (Шымкенттік мұнай өңдеу зауыты) 2017 жылы Еуро-4 және Еуро-5 стандартындағы жанармай шығаруды жоспарлап отыр. Бұл туралы "ҚазМұнайГаз - қайта өңдеу және маркетинг" АҚ баспасөз қызметі хабарлайды. "Шымкент мұнай өңдеу зауыты 30 жылдығына байланысты өндірістік қуаттылығын қайта жаңалауды бастайды. Нәтижесінде мұнай өңдеу тереңдігі 80 пайызға, өнім шығару көлемі жылына 6 млн тоннаға, жанармай өндірісі 3 есе көбеймек. Жанармай сапасы Еуро-4 және Еуро-5 экологиялық стандартына сай келеді", -делінген таратылған хабарламада. Бүгінде зауыт үшін негізгі шикізат көзі Қызылорда облысындағы Құмкөл кен орнынан алынады. Ал "Петро Қазақстан Ойл Продактс" ЖШС барлық маркадағы жанармайларды, дизельді отын және авиакеросин өндіреді. Фото kmg-onimderi.kz сайтынан алынды

Похожие материалы