Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Шымкентте 1,5 млрд теңгеге жалған шот-фактура жазылған

Шымкентте 1,5 млрд теңгеге жалған шот-фактура жазылған

Шымкент. 4 тамыз. 7kun.kz – Шымкентте 1,5 млрд теңгеге жалған шот-фактура жазып берген азаматтар сотталды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің облыстық департаменті хабарлады.

«Сот үкімімен М.А.Әжібаев, А.О.Ақынов және А.Ақын қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оларға 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру, 7 жылға қаржы қызметімен байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ сот үкімімен «Toyota» маркалы автокөлік мемлекет кірісіне тәркіленді.

Похожие материалы