Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Шымкентте 170 млн теңгені жымқырған шенділер мен олардың сыбайластары сотталды

Шымкентте 170 млн теңгені жымқырған шенділер мен олардың сыбайластары сотталды

Шымкент. 11 сәуір. 7kun.kz - Оңтүстік Қазақстан облысында 170 млн теңгені жымқырған шенділер мен олардың сыбайластары сотталды. Бұл туралы inform.kz хабарлады.

Әл-Фараби аудандық соты екі шенеунік пен «Тұран құрылыс» ЖШС-нің бұрынғы сарапшы маманы Смахановқа 4 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Ал, төртінші айыпталушы, фирманың директоры Шимиров үш жылға шартты түрде жазаланды. Аудандық соттың төрағасы Маратәлі Бекназаровтың сөзінше, кәсіпкердің жасы алпыстан асқан соң, оған жаза тағайындау барысында рақымшылық заңы қолданылған. Сонымен қатар, олар мемлекетке келтірген шығын көлемін толық өтеген.

Еске салайық, Облыстық құрылыс басқармасының және Шымкент қалалық құрылыс бөлімінің бұрынғы басшылары Күмісбек Орашев пен Еркін Бұхарбаев Бадам өзенінің сағасын абаттандыру жұмысына бөлінген қомақты қаражатты қалтасына басты деп айыпталған болатын. Ұрланған 170 млн теңге жалған кәсіпорындар арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылып, қылмысқа қатысушылар арасында бөліске салынған. Тергеу барысында олардың қылмыстары толығымен дәлелденген.

Похожие материалы