Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Шымкентте 70 жастағы зейнеткер үйін сатудан түскен 14 миллион теңгені алаяққа берген

Шымкентте 70 жастағы зейнеткер үйін сатудан түскен 14 миллион теңгені алаяққа берген

Алматы. 17 ақпан. 7kun.kz – Шымкентте алаяқ жасы жетпіске таяған әйелдің атынан заңсыз несие рәсімдеп, тіпті басындағы баспанасын да сатқызып, түскен қаржыны толығымен еншілеп кеткен, деп хабарлайды 7kun.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Әйел адам өз арызында, бейтаныс азамат екінші дәрежелі банктердің бірінен 480 мың теңге несие рәсімдеп беретінін айтып, сол арада сеніміне кіріп, өзіне тиесілі үйін де 14 млн теңгеге сатқызып, түскен қаржының барлығын алаяқтық жолмен иемденіп кеткенін жазып көрсеткен. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі 14 млн 480 мың теңгені құрап отыр», – делінген хабарламада.

Аталған дерек ҚР ҚК-тің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тәртіп сақшылары күдікті азаматты тәулік ішінде қала аумағында қолға түсірді. Ол Павлодар қаласының 36 жастағы тұрғыны болып шықты, жұмыссыз. Бұрын-соңды істі болмағандығы да белгілі болды.

Қазіргі уақытта ұсталған азаматтың алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жібергені белгілі болды. Тергеу әрекеттері жалғасуда.

Похожие материалы