Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Шымкентте антибиотик ұнтақтарын асептикалық жолмен бөліп салу цехі ашылды

Шымкентте антибиотик ұнтақтарын асептикалық жолмен бөліп салу цехі ашылды
2016 жылдың 24 мамырында Шымкент қаласында "Химфарм" АҚ-ның антибиотик ұнтақтарын асептикалық жолмен бөліп салу цехінің ашылу салтанаты өтті. Жаңа цехті пайдалануға берудің нәтижесінде GMP халықаралық стандарттарына сәйкес келетін Қазақстандағы тұңғыш антибиотик өндірісінің құрылу кезеңі аяқталды. Аталған жоба SANTO компаниясын дамудың жаңа деңгейіне шығаруды, сондай-ақ, тұтынушыларды қолжетімді, сапалы, отандық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге қауқарлы инновациялық, экспортқа бағдарланған толық циклді өндірісті құруды көздейтін ауқымды инвестициялық бағдарламаның аясында жүзеге асырылып, компанияда ампула мен инфузияларды өндіретін цех іске қосылғалы бері жасалған тағы бір қадам болып отыр. Жаңа цехтің жобасы Polpharma тобы мамандарының қолдауымен жүзеге асырылды. Технологияның стандартты тәртібін сақтауға қоса, антибиотик өндірісі толығымензарарсыз ортаны және өнімді басқа бөлшектермен ластанудан қорғауды талап етеді. Осы мақсатта цефалоспорин антибиотиктерінің өндірісі замнауи жабдықпен жасақталған және де шағын мөлшерлеуіш машиналардың, құтылар мен тығындардың зарарсыздығы, суды дайындау, ауаны желдету жағынан тазалыққа қойылатын қатаң талаптардың барлығына жауап береді. SANTO компаниясы дәрілік заттарды шығаратын ең ірі отандық өндіруші болып табылады. Компания «Самұрық-Қазына Фармация» ЖШС-не арнап тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде сатып алынатын жалпы дәрілік заттар көлемінің үштен бірінен астамын өндіріп, жеткізеді. «Химфарм» АҚ-ның 2011 жылы Polpharma халықаралық фармацевтикалық тобына кіруінің арқасында компания GM стандарттарына сәйкес келетін заманауи фармацевтикалық өндірісті құруға мүмкіндік алды. Дәл сол уақытта GMP халықаралық стандарттарына сәйкес келетін жаңа фармацевтикалық өндірістерді құру және қолданыстағы өндірістерді жаңғырту бойынша ауқымды инвестициялық жоба жүзеге асырыла бастады. Инвестициялардың жоспарланған көлемі 100 млн. АҚШ долларынан асады.

Похожие материалы