Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Шымкентте Jýsan Bank-тің бөлімшесін тонамақ болған

Шымкентте Jýsan Bank-тің бөлімшесін тонамақ болған

Шымкент қаласындағы Мангелдин көшесі, 43/1 мекенжайы бойынша орналасқан Jýsan Bank-тің №112 БҚО бөлімшесін 1971 жылы туған ер адам тонамақ болған.

Банктің хабарлауынша оқиға кеше болған. Бөлімшенің кассасына ақша айырбастау үшін бір ересек адам жүгініп, кассирге электронды кезек талонымен бірге "Бомба" деген жазуы бар қағаз парағын тапсырған. Содан кейін кассирден барлық қолма-қол ақшаны беруді, барлық отырған клиенттер мен қызметкерлерге ешкімнің қозғалмауын және қарсылық көрсетпеуді талап еткен.

Банктің қауіпсіздік бөлімінің қызметкері Смайл Әжікұлов тонаушымен жүргізу барысында оны залалсыздандырып, оқу гранатасы-муляж екеніне көз жеткізген.

Дабыл түймесі сигналы бойынша банк бөлімшесіне ведомстводан тыс күзет келіп, полиция қызметкерлері шақыртылып, тонаушы ұсталды. Қазіргі уақытта тергеушілер куәгерлерге сұрау салу мен дәлелдер жинау жұмысын жүргізуде.

Банк басшылығы Смайл Әжіқұловты көрсеткен батылдығы мен қызметтік міндеттерін мінсіз орындағаны үшін сыйақымен марапаттамақ.

Похожие материалы