Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Шымкентте кәсіпкерлерді бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Шымкентте кәсіпкерлерді бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Шымкент. 27 қазан. 7kun.kz Кәсіпкерлерді бопсалаумен айналысқан қылмыстық топты ұсталды, деп хабарлайды 7kun.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бейтаныс екі азамат жеке кәсіпкерді күшпен қорқытып, одан Toyota Camry 70 автокөлігін тартып алған. Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы (Қорқытып алу) бойынша тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды.

Полицейлер жүргізген іс-шаралардың нәтижесінде күдіктілердің жеке басы анықталды. Екеуі де жергілікті қала тұрғындары, біреуі бұрын бірнеше рет сотталған.

ҰҚҚКБ-ның қызметкерлері күдіктілердің бірін тұрғылықты мекенжайында қолға түсірді. Ал сыбайласы қаладағы қонақ үйлердің бірінде ұсталды. Олардан екі аңшылық пышақ, 160 оғымен пневматикалық тапанша, 21 оғымен АК-47 автоматы және Макаров тапаншасының қабын тәркіледі.

Қазіргі таңда күдіктілер қамауда. Оларға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ полиция қызметкерлері ұсталған азаматтардың қазан айының басында өздігінше билік ету арқылы тағы бір жәбірленушіге тиесілі Iphone 13 Pro Max ұялы телофонын алып қойып, қайтармай қойғанын анықтады. Жедел уәкілдер қылмыстық топтың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоқтығын тексеруде.

Похожие материалы