
Шымкент. 12 шілде. 7kun.kz – Шымкентте полиция департаментінің рота командирі пара алғаны үшін ұсталды, деп хабарлайды 7kun.kz «Отырар-ға» сілтеме жасап.
«Шымкент полиция департаменті қатарында кезекті тұтқындау болды. Әлеуметтік желілерде Шымкент ПД сегізінші ротасының командирін ұстау туралы ақпарат тарады», - делінген хабарламада.
Ведомствоның баспасөз қызметі рота командирінің ұсталғаны туралы ақпаратты растады.