Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Шымкентте шығарылатын дәрі Өзбекстанда сатылатын болды

Шымкентте шығарылатын дәрі Өзбекстанда сатылатын болды

Астана. 28 наурыз. 7kun.kz – Өзбекстанда Шымкентте өндірілетін дәрі өнімдері сатылатын сауда үйі ашылады. Бүгін тараптар Астана қаласында өткен қазақ-өзбек бизнес форумында келісімге қол қойды, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

В2В форматында өткен форумда «Оңтүстік Қазақстан фармацевтикалық кластер қауымдастығы» ЗТБ президенті Б.Нұрмашев пен «Узфармсаноат» МАК  басқарма төрағасы М.Досмұратов өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.

Нәтижесінде Ташкент пен Шымкент қаласында екі елдің фармацевтика өнімдері сатылатын сауда үйі ашылмақ. Яғни, Өзбекстанда ашылатын сауда үйінде ОҚО фармацевтика өнімдері сатылады. Ал Шымкенттегі сауда үйінде Өзбекстанның дәрі өнімдері саудаланады.

Айта кетейік, республикада өндіріліп жатқан фармацевтикалық препараттардың жартысына жуығы Оңтүстіктің Қазақстанның облысының үлесінде.

Еске салсақ, өткен аптада Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиеевтің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында Астанада қазақ-өзбек бизнес форумы өткен.

Оған екі елдің 500-ге тарта кәсіпкері мен ұлттық компания және мемлекеттік ұйым өкілдері қатысты.

Похожие материалы