Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Шымкентте шыңдалған шыны өндірісі іске қосылды

Шымкентте шыңдалған шыны өндірісі іске қосылды

Шымкенттегі "Дана" кәсіпорнында шыңдалған шыны дайындау технологиясы енгізілді деп хабарлайды Қазақпарат.

Мұнда шамамен 400 кг салмаққа шыдас бере алатын қалыңдығы 8 мм шыны шығарылады. Қалыңдығы 6 мм және 4 мм шынылардың да беріктігі жоғары деп мәлімдейді зауыттағылар. Бұндай сапаға жоғары температуралардың қолданылу есебінен және бірегей итальяндық жабдықтың пайдаланылуы арқылы қол жеткізіледі. Осы жабдықты сатып алу үшін мемлекет өз қаржылай көмегін көрсеткен, шамамен 350 млн теңге жұмсалған.

Зауытта сондай-ақ энергия үнемдеуші шыны пакеттерін де шығарады. Олар пәтердегі жылу шығынын азайтуға мүмкіндік береді. Мамандардың айтуынша, олар енді шыныдан, шыны пакеттерінен дайындалатын қабырға мен қоршауларды жасай алады және бұлар өз қалыңдығы мен беріктігі бойынша кірпіштің 1,5 метрін ауыстыра алады. Өндірушілер қажетті жабдық болғандықтан, импортты алмастыру бағытында жұмыс жасамақ. Кәсіпорында 35 адам еңбек етеді.

Ақпарат көзі: forbes.kz

Похожие материалы