Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Шымкентте СЭС қызметкері өзін полицей ретінде таныстырып, бопсалаумен айналысқан

Шымкентте СЭС қызметкері өзін полицей ретінде таныстырып, бопсалаумен айналысқан

Шымкент. 15 маусым. 7kun.kz – Шымкентте санитарлық-эпидемиологиялық қызмет (СЭС) маманы полиция қызметкерінің атын жамылып бопсалаумен айналысқан деген күдікке ілінді, деп хабарлайды 7kun.kz.

Шымкент қаласы ПД ішкі қауіпсіздік басқармасына жергілікті тұрғын полиция қызметкерінің бопсалауының құрбаны болғаны туралы арыз жазған. Өзін Әл-Фараби аудандық полиция бөлімінің жедел уәкілімін деп таныстырған адам, арызданушыны құқықбұзушылық жасағаны үшін ішкі істер органдарына профилактикалық есепке қоямын деп қорқытқан. Жалған полицей әйелден ай сайын әкімшілік жауапкершіліктен құтылу үшін 80 мың теңге беруді талап еткен.

«Өзіндік қауіпсіздік басқармасының (ӨҚБ) қызметкерлері ер адамды ұстады. Тексеру кезінде ұсталған адамның полицияға ешқандай қатысы жоқ және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің қызметкері екендігі анықталды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - деді Шымкент қаласының ПД-да.

Похожие материалы